ENG ҚАЗ

Мен туралы

Мен — Бексұлтан, Yieldmo компаниясында Data Scientist болып жұмыс істеймін. Оған дейін DeepPavlov зертханасында (МФТИ) ML/NLP зерттеушісі, сондай-ақ Beeline, Provectus және BTS Digital сияқты компанияларда Senior Data Scientist болдым.

Сонымен бірге ресурстары аз тілдерге бағытталған Horde коммерциялық емес зерттеу ұжымын тең басқарамын — біз LLM-дерді бағалауға арналған бенчмарктер, датасеттер мен модельдер, сондай-ақ офлайн және онлайн ареналар жасаймыз.

2024 жылдан бері мектеп оқушыларына арналған FAIO жасанды интеллект олимпиадасын ұйымдастыруға көмектесіп келемін: онда тапсырмалар құрастырып, нәтижелерді бағалаймын.

Қосымша Kaggle жарыстарына қатысып тұрамын (әзірге 2 күміс және 3 қола медалым бар).

Бұл жерде өзімнің үйреніп жүрген нәрселеріммен бөлісу үшін жазамын — мұнда математикасына терең бойлайтын, бірақ қарапайым тілде түсіндірілетін блог-посттар мен ғылыми мақалаларға шолулар жарияланады.